Гамбург

Appener Strasse 21

25482 Appen

Германия

Тел.: +49 4101 85654-0

Факс: +49 4101 85654-15

Алматы

Қалыптасу кезеңінде

Каунас

Kalvarijos gatvė 13A

46348 Kaunas

Литва

Тел.: +370 6 9850507

Факс: +370 37 391 565

Біздің жөнелту жауапкершілігін жаһандық сақтандыру полисіміз Speditions-Assekuranz GmbH компаниясымен бірге бекітілген. Ол біздің жөнелтуші ретіндегі түрлі халықаралық келісімшарттардың (ADSp, HGB, CMR/КДПГ, Монреаль келісімшарты, Варшава келісімшарты, КОТИФ / МГК/CIM, ХЖХК, Гаага Висбю Ережелері және басқалар) ережелеріне сәйкес тасымалдау келісімі бойынша, жөнелту маршруты мен көлік түріне тәуелді материалдық зиян келтіру және қаржылық шығындар үшін жауапкершілігімізді қамтиды. Егер жүкті транспорттау барысында зиян келтірілетін болса, тапсырыс берушіге тиісті өтемақы, ереже бойынша, жөнелтушінің жауапкершілінің аясына сүйене отырып есептеледі. Жөнелтушінің жауапкершілігінің шегіне сәйкес, жүкті бүлдіру немесе жоғалту салмағы бойынша бағаланады да, ал құны бойынша баға берілмейді. Сондықтан да, өтемақы жүктің коммерциялық құнынан әлдеқайда төмен болуы мүмкін.

Тапсырыскердің қалауы бойынша оның мүддесін қорғайтын қосымша транспорттық сақтандыру жасауға болады. Жүк сақтандыру шегінде әуе, құрлық пен теңізде тасымалданатын барлық тауарлар сақтандырылуы мүмкін. Бұл қосымша сақтандыруда транспорттау кезінде жүкке тигізілген зиян толықтай қамтылады, алайда мәлімделген сақтандыру сомасынан аспайды. Транспорттық сақтандыру тапсырыскер үшін өте сенімді болып табылады.

Сақтандырушы сақтандырылған тасымалдау барысында жүкке тиісті барлық тәуекелді өзіне алады. Сонымен қатар, транспорттық сақтандыру салмаққа қатысты еш шектеу қоймайды, және, жөнелтуші немесе тасымалдаушының нормативті жауапкершілігімен өтелмейтін зиян үшін өтемақыны қамтиды. Мәселен, форс-мажорлы жағдайлар (нажағай, бұршақ және т.б.) , шарасыз оқиғалар (қарақшылық, тонау, автокөлік апаты және т.б.).

Бонустық ұсыныстарды алу үшін бізбен байланысуыңызды сұраймыз.

Біздің сақтандыру полисімізді мұнда көруге болады.